Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің "№ 49 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
school4918@mail.ru
Қабылдау бөлімі :
+7 (7222) 42-67-68
Есепші бөлімі:
+7 (7222) 42-67-69
» » 2024-2025 жылы бітіруші 4,9 және 11 сынып ата-аналарымен мектеп директоры Токтубаева Гульфариза Темирбаевна жиналыс өткізді.
23
Апрель
2025
1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

"2024-2025 жылы бітіруші 4,9 және 11 сынып ата-аналарымен мектеп директоры Токтубаева Гульфариза Темирбаевна жиналыс өткізді."

⚜️2024-2025 жылы бітіруші 4,9 және 11 сынып ата-аналарымен мектеп директоры Токтубаева Гульфариза Темирбаевна жиналыс өткізді.
Ата-аналар назарына‼️
⚜️Абай облысы Семей қаласы білім бөліміне қарасты
“№49 жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі 2024-2025 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау тапсыруда мына жағдайларды ескертеді:❗❗❗
📌Бітіруші 4,9 және 11 сынып оқушыларынан мектеп қажеттілігіне ақша жинау;
📌Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыру;
📌Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге қандай да бір сыйлықтар беру.
📌Бұл шектеулер – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық этика мен әділдікті сақтау мақсатында енгізілген.
📌Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық-шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім алушылардан ақша жинауға қатаң тиым салынады.
📌Оқушыларды «Соңғы қонырау» іс-шарасының өткізілу тәртібі мен қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы нұсқаулықпен таныстыра отырып, ата –анасының немесе заңды өкілінің, тек біреуінің қатысуы кешенді қауіпсіздік шараларды қамтамасыз ететіндігін ескертеміз.
📌Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және педагогтарға кез келген түрдегі сыйлықтарды қабылдауға қатаң түрде тыйым салынады.
📌Оқушылардың автокөлік шеруіне шығып, ойын-сауық алаңдары, мейрамханалар мен саябақтарға баруына тыйым салынатындығын ескертеміз.
📌Қорытынды аттестаттау кезінде әртүрлі мақсатта ата-аналардан қаражат жинап, мерекелік дастархан ұйымдастыруға қатаң түрде тыйым салынады.

⚜️ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА ‼️
Жоғарыда айтылған талаптарды назарға ала отырып, оқушылардың қауіпсіздігіне бей-жай қарамауыңызды өтінеміз.
Сіздердің ұл-қыздарыңызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру біз үшін абыройлы — МІНДЕТ!
Егер сізді қандай да бір сұрақ мазаласа кез келген уақытта сұрағыңызды тыңдап, жауап беруге дайынбыз!

⚜️Құрметпен, №49 жалпы білім беретін мектептің директоры Токтубаева Гульфариза Темирбаевна!

Be the first to comment.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *