Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің "№ 49 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
school49_25@mail.ru
Қабылдау бөлімі :
+7 (7222) 42-67-68
Есепші бөлімі:
+7 (7222) 42-67-69

Қош келдіңіздер!

Толығымен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
""
12
Март
2026
12 наурыз күні мектебімізде мектеп парламентінің ұйымдастыруымен 8–10 сынып оқушылары арасында «Мектеп аруы – 2026» байқауы өтті.Байқауға қатысқан арулар өздерінің өнерін, ақылын, сұлулығын және шығармашылығын көрсетіп, көрермендерге керемет көңіл күй сыйлады. 💫

🏆 Нәтижелері:👑 Бас жүлде — Бағдатова Баян (9Б)🥇 I орын — Сергеева Айару (9Е)🥈 II орын — Айтпек Айша (10Б)🥉 III орын — Қанағатова Айзере (9Ә)🌟 Номинациялар:🎭 «Талантты ару» — Қабдоллина Алтынай (10А)🎨 «Өнерлі ару» — Бағдат Айзере (8Б)💐 «Сұлу ару» — Төлеутай Аяла (8Ә)🧠 «Ең ақылды ару» — Шалқарова Еркежан (9А)👗 «Ең стильді ару» […]

""
05
Март
2026
05.03.2026 ж. мектебімізде өрт қауіпсіздігіне байланысты оқу-жаттығу және төтенше жағдай кезіндегі эвакуациялық іс-қимылдарға арналған жаттығулар өткізілді. 🔥🚒

Шараның мақсаты: оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауды, шұғыл эвакуация жасауды және қауіпсіз бағытпен ғимараттан шығу дағдыларын қалыптастыру. Жаттығу барысында мектеп ұжымы белгіленген уақыт бойынша дабыл қағылған сәттен бастап ғимараттан дұрыс әрі ұйымдасқан түрде эвакуациялауды орындап, өрт қауіпі туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмдерін тәжірибе жүзінде пысықтады. 🚨

""
05
Март
2026
2026 жылдың 5 Наурыз күні мектебімізде оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт беру мақсатында 9-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру кездесуі ұйымдастырылды. Кездесуге «Қызмет көрсету саласы» және «Рымбек Байсейітов атындағы қаржы-экономикалық жоғары колледжі» оқытушылары арнайы келіп, өз оқу орындары туралы жан-жақты ақпарат берді. Іс-шара барысында оқытушылар колледждерде оқытылатын мамандықтар, оқу шарттары, қабылдау талаптары, оқу мерзімі және студенттерге жасалатын мүмкіндіктер туралы түсіндірді. Сонымен қатар, қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат берді. Кездесу барысында оқушылар мамандық таңдау жөнінде пайдалы ақпарат алып, өздерінің болашақ мамандығы туралы ой қалыптастыруға мүмкіндік алды. Мұндай кәсіби бағдар беру жұмыстары оқушылардың саналы түрде мамандық таңдауына және болашақ өмір жолын анықтауына үлкен септігін тигізеді.
""
31
Октябрь
2025
9–11 сыныптар арасында кіші футболдан қалалық жарыс өтті!

🏆 25 қазан – Республика күніне орай,28.10.2025 күні мектебімізде қала мектептері арасында 9–11 сыныптар арасында кіші футболдан қалалық жарыс өтті! ⚽️🥇 1 орын – 49 мектеп🥈 2 орын – 39 мектеп🥉 3 орын – 35 мектеп🌟 Үздік ойыншы: Қанат ТемірланЖаттықтырушы: Тлеутаев Ф.А #адал_азамат_абай_облысы_семей