"25.02.2026 ж.Мектебімізде дәстүрге айналған «Үздік педагог – 2026» байқауы жоғары деңгейде өтті. Бұл – тек жарыс емес, бұл – тәжірибе мен таланттың, ізденіс пен жаңашылдықтың мерекесі."
Қатысушылар алдымен өздерін таныстыру видеосы арқылы көрерменге жол тартты. Әр педагогтың тұлғасы, ұстанымы, кәсіби бағыты ерекше қырынан ашылды. Сонымен қатар, сабақтарынан бейнеүзінділер ұсынылып, ұстаздардың әдістемелік шеберлігі мен оқытудағы тың тәсілдері көрсетілді.
Байқау барысында портфолиолары сараланып, шығармашылық эсселері арқылы олардың педагогикалық философиясы мен кәсіби көзқарасы бағаланды.
🏆 Байқау қорытындысы бойынша:
🥇 Бас жүлде – Сайдуалиева Құралай Айдарқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
🥇 І орын – Утегенова Галия Каблакатовна, тарих пәні мұғалімі
🥈 ІІ орын – Раймбекова Сайран Жұмасияқызы, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
🥉 ІІІ орын – Кәрімов Бақытжан Күнмұхаметұлы, география пәні мұғалімі
🌟 Номинациялар:
🔹 «Жаңашыл педагог» – Рахимжанова Арайлым Махсутовна, шет тілі пәні мұғалімі
🔹 «Креативті педагог» – Касымжанова Акмарал Салыковна, бастауыш сынып мұғалімі
🔹 «Сабақ беру өнерінің шебері» – Шаяхметова Гульнара Маданиятовна, даярлық сынып жетекшісі
🔹 «Ізденімпаз педагог» – Ақантаева Айдана Ақантайқызы, математика пәні мұғалімі
🔹 «Инновациялық сабақ шебері» – Калдыбаева Камшат Маулетовна, музыка пәні мұғалімі
🔹 «Шығармашыл педагог» – Амарбеков Азамат Талғатұлы, дене шынықтыру пәні мұғалімі
Барша жеңімпаздар мен қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! 👏
Ұстаз еңбегі – ұлт болашағына салынған инвестиция. Әріптестерімізге шығармашылық табыс, тың идеялар және биік белестер тілейміз!

Be the first to comment.