Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің "№ 49 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
school49_25@mail.ru
Қабылдау бөлімі :
+7 (7222) 42-67-68
Есепші бөлімі:
+7 (7222) 42-67-69
» » Ұрпақ сабақтастығы – ұстаздық ұлағаттың алтын көпірі
18
Февраль
2026
1 Звезда2 Звезды3 Звезды4 Звезды5 Звезд (Пока оценок нет)
Loading...

"Ұрпақ сабақтастығы – ұстаздық ұлағаттың алтын көпірі"

Семей қаласындағы №49 жалпы орта білім беретін мектебінде Семей қалалық ардагерлер кеңесі мен қалалық білім бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Талантты ардагер – талантты жас ұстаз» атты қалалық фестиваль жоғары деңгейде өтті.

Фестивальдің басты мақсаты – білім беру саласында ұзақ жылдар адал еңбек еткен ардагер ұстаздардың мол тәжірибесін жас мамандарға үлгі ету, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайту және ұстаз мәртебесін арттыру.

Салтанатты шараға білім саласының ардагерлері, жас мұғалімдер, мектеп басшылары мен құрметті қонақтар қатысты. Фестиваль рухты әндер мен әсерлі өнер көрсетілімдеріне ұласып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Сайысқа қатысқан білім ордалары:
🔹 Шәкәрім атындағы №5 ЖОББ КММ гимназиясы
🔹 №17 ЖОББ КММ мектебі
🔹 №19 ЖОББ КММ мектебі
🔹 Қ.Рысқұлбеков атындағы №33 ЖОББ КММ мектебі
🔹 Ы.Алтынсарин атындағы №37 ЖОББ КММ гимназиясы
🔹 №42 ЖОББ КММ мектебі
🔹 №49 ЖОББ КММ мектебі

🏆 Сайыс қорытындысы бойынша:
🥇 Бас жүлде – №49 мектеп
🥇 І орын – №5 және №17 мектептер
🥈 ІІ орын – №19 және №37 мектептер
🥉 ІІІ орын – №33 және №42 мектептер

Әділқазылар алқасы қорытынды шығарғанша, №49 мектептің әжелері мен ұстаздары және фестивальге қатысушы мектептердің ардагерлері мен жас ұстаздары өз өнерлерін ортаға салып, шараның мазмұнын арттыра түсті.

Фестивальді ұйымдастыруда Семей қалалық білім қызметкерлері ардагер ұстаздар кеңесінің төрағасы Көппаев Серік Көппайұлы мен орынбасары Сембаева Жанат Нұрахметқызының еңбегі ерекше атап өтуге тұрарлық.

Бұл фестиваль – тәжірибе мен жаңашылдықтың, дәстүр мен болашақтың тоғысқан сәті болды. Ұстаздар сабақтастығы – білім сапасының кепілі екенін тағы бір мәрте дәлелдеген тағылымды кеш болды.

Be the first to comment.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *