06
Март 2026
"6 наурыз күні 2 «Б» сыныбында «Сынып аруы – 2026» байқауы өтті. 🌸"
Байқаудың мақсаты – қыз балалардың өнерін, шығармашылығын дамыту, әдептілікке, сұлулыққа және мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Қатысушылар өздерін таныстырып, өнерлерін көрсетіп, түрлі тапсырмалар орындап, өздерінің тапқырлығы мен таланттарын көрсетті. Әрбір ару ерекше дайындықпен келіп, көрермендердің көңілінен шықты. ✨
Сайыс барысында ата-аналар да келіп, балаларға қолдау көрсетіп, жылы лебіздерін білдірді. Бұл кешті одан әрі әсерлі әрі қуанышты етті.
Байқау өте қызықты өтті. Барлық қатысушылар марапатталып, ерекше номинациялармен бағаланды.
Сынып жетекшісі: Төлеуғазина Гульвира Алмасовна 🌷

Be the first to comment.