"“Үздік жас маман” республикалық байқауы"
25 қазан – Республика күніне орай
Астана қаласының Мәдениет басқармасы өнер, медиа және білім салаларында ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген талантты жастарды салтанатты түрде марапаттады. 🇰🇿✨
📚 Білім беру саласындағы жаңашылдықты дамыту, педагог мәртебесін арттыру және озық тәжірибені кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған “Үздік жас маман” республикалық байқауында біздің жас ұстаздарымыз үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. 🏆
🎖️ Жеңімпаздарымызға арнайы “Үздік жас маман” төсбелгісі мен статуэткасы табысталды!
Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! 💐👏🏻
🔸 Қабылахметова Аружан Серікқызы – математика пәні мұғалімі;
🔸 Сарқытова Индира Мұхитқызы – ағылшын тілі пәні мұғалімі;
🔸 Тілеуғазинова Аяулым Айбарқызы – ағылшын тілі пәні мұғалімі.
Жас мамандарымыздың жетістігі – ұжымымыздың ортақ қуанышы!
Алдағы уақыттарға да шығармашылық табыс тілей отырып, кәсіби биіктерді бағындыруларына тілектеспіз! 🌟🙌🏻 #адал_азамат_абай_облысы_семей


Be the first to comment.