⚜️21.04.2025 ж. Абай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл бөлімінің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Серикболсынов Равиль Дастамұлы «Есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласындағы құқық бұзушылықтар» тақырыбында 10 және 11 сынып оқушыларына жиналыс өткізді.
25.10.2024 ж Семей қаласында М.Д.Нұрақбаев атындағы университетінің ашық есік күніне мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында мамандықтар, оқу гранттары, әлеуметтік серіктестік, тәжірибе өту базалары мен бағдарламалары туралы презентация көрсетілді. Қызықты ойындар ойнатылып приздар беріліп, көңілді нотамен аяқталды. Іс-шарадан оқушылар жақсы көңіл күймен тарқасты
⚜️23.10.2024 ж Абай арена спорттық кешенінде қалалық деңгейде өткен “ProfCity-2024” кәсіби бағдар беру шарасына мектеп оқушылары барып қатысты⚜️ Педагог-профориентатор- Мытымбаева Айша Жылкыбаевна
⚜️21.10.2024 жылы Астана қаласының М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің өкілі келіп, мектебіміздің 10-11 сынып оқушыларымен кездесіп оқушыларға оқу орны жайлы және ондағы мамандықтар туралы ақпарат берді. Кездесу барысында оқушылар мамандықтар бойынша қызықтырған сұрақтарын қойды.
⚜️11.10.2024 ж кәсіби бағдар беру мақсатында ҚР қауіпсіздік комитеті шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің майоры Атаханов А.Ж. мектептің 11 сынып оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында ҚР шекара академиясының мамандықтары мен оқу орнына түсу шарттары туралы ақпарат беріліп, видеоролик көрсетілді.
⚜️-жоғары оқу орынның білім бағдарламасы;-қабылдау емтихандары туралы ақпарат алды;-оқу орынның 2017 жылдың түлегі мен 1 курс студентімен кездесіп қызықты студенттік сәттері туралы ақпарат алды⚜️Кәсіптік бағдар беру бойынша жетекші педагог профориентатор-Матымбаева А.Ш