⚜️2025 жылдың 18-ші ақпанында мектебімізге Алматы қаласынан жоғары оқу орынның білім беру бағдарламасымен таныстыру және болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдау мақсатында Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT Университетінің өкілдері келіп 11 сынып оқушыларымен кездесіп кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
⚜️2025 жылдың 30 қаңтарында кәсіби бағдар беру жұмысының аясында мамандықтар әлемімен таныстыру мақсатында электортехнический колледжіне 9 сынып оқушылары экскурсияға барып колледждің тыныс тіршілігімен танысып қайтты.
⚜️2024 жылдың 20 қараша күні мектебімізге қаламыздың Семей медициналық академиясы мен Алихан Бөкейхан атындағы университетінің өкілдері келіп 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында 2024-2025 оқу жылында даярланатын мамандықтар түрлері мен сипаттамасы және оқуға қабылдау шарттар туралы ақпарат берді.
⚜️2024 жылдың 15 қараша күні «Экономикалық лицей» КММ базасында жалпы білім беретін мектептердің 11- сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында «С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ басқарма төрағасы, ректоры М. Төлегенмен кездесуге 11 сынып оқушылары барып қатысты. Іс-шара барысында жоғары оқу орынның тарихы мен мамандықтарымен таныстырылды, өнерлі студенттердің концерттік бағдараламасын тамашалады.
⚜️«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ 2024 жылғы қараша айының 14 күні сағат 14.00 Абай облысындағы мектеп түлектеріне арналған «Open day of Shakarim University» іс-шараға 11 сынып оқушылары барып қатысты. Іс-шара барысында әр мамандықтар бойынша ұйымдастырылған көрмелермен студенттердің ғылыми жобалары қаралып ақпараттар алынды. Іс-шараның қонақтары ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі- Емелбаев Руслан Тоқтарбекұлы […]
⚜️05.11.2024 ж. 9 сынып оқушылары «Жоғары гуманитарлық заң және техникалық» колледжіне ашық есік күніне барып, оқу орынның ішкі мамандықтарымен, бағдарламасымен және берілетін мүмкіншіліктерімен танысып қайтты.⚜️Педагог- профориентатор- Матымбаева Айша Жылкыбаевна
25.10.2024 ж Семей қаласында М.Д.Нұрақбаев атындағы университетінің ашық есік күніне мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында мамандықтар, оқу гранттары, әлеуметтік серіктестік, тәжірибе өту базалары мен бағдарламалары туралы презентация көрсетілді. Қызықты ойындар ойнатылып приздар беріліп, көңілді нотамен аяқталды. Іс-шарадан оқушылар жақсы көңіл күймен тарқасты
⚜️23.10.2024 ж Абай арена спорттық кешенінде қалалық деңгейде өткен “ProfCity-2024” кәсіби бағдар беру шарасына мектеп оқушылары барып қатысты⚜️ Педагог-профориентатор- Мытымбаева Айша Жылкыбаевна
⚜️21.10.2024 жылы 11 А сынып оқушыларында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Сыныптан тыс іс-шараның атауы «Мамандықтар әлемінде» .Іс шараның мақсаты оқушыларды мамандық түрлерімен таныстыра отырып, мамандық таңдай білуде қателеспеуді үйрету. Міндеті:оқушыларға түрлі мамандықтар туралы мағлұматтар беру.Дамытушылық: Оқушылардың маман иелеріне қызығушылығын және сыни ойлауын дамыту. Тәрбиелік: Оқушылардың икемділікке, талғампаздыққа, төзімділікке тәрбиелеу. Іс шара мамандық дегеніміз деген не […]
⚜️21.10.2024 жылы Астана қаласының М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің өкілі келіп, мектебіміздің 10-11 сынып оқушыларымен кездесіп оқушыларға оқу орны жайлы және ондағы мамандықтар туралы ақпарат берді. Кездесу барысында оқушылар мамандықтар бойынша қызықтырған сұрақтарын қойды.